Ел аумағын тегін дәрімен қамту үшін қандай жағдай жасалған?

Ел аумағын тегін дәрімен қамту үшін қандай жағдай жасалған?
396

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде тең тегін қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайлар жасалған деп отыр. 

Дәрілік заттар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай тізбесі бойынша қамтамасыз етіледі. Ауылдық жерлерде дәрігер болмаған жағдайда фельдшер тегін рецепт жазып беруге құқылы. Дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттарды медицина қызметкері медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пункттері арқылы тегін жібереді, - деді министр. 

Айтуынша, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілген. 

Биыл 4 ай ішінде 230 елдімекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды. Ауылдық денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша шаралар қабылдануда. Ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің 86,1%-ы интернетке қосылған, жұмыс орындарының 91,1%-ы компьютерлермен жабдықталған, 81% медициналық ұйым госпитальдық ақпараттық жүйелерді енгізген. Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде медициналық қызметтерді қашықтықтан форматқа ауыстыруды жоспарлап отыр, - деді Ажар Ғиният. 

Мұны министр медицина қызметкерлерінің бір-бірімен, жеке тұлғалармен қашықтықтан өзара іс-қимылын, сондай-ақ олардың жасаған іс-қимылын құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы медициналық қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретіндігімен түсіндірді. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы