Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен ҚР ІІМ басшылығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қауіпсіз қоғамдастықтар» I Халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды polisia.kz.
Форумға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Аргентина және Франциядан келген сарапшылар қатысты.
Біз қоғамды реформалар процесіне барынша тартуға, полициямен және басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты диалог орнатуға, сондай-ақ халыққа өз қауіпсіздігі үшін неғұрлым жауапты болуға көмектесуге тырысамыз, – деп атап өтті елші Дьердь Сабо.
Форумда ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қарағанды облысында іске асырған қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдемелер бойынша пилоттық жобаның нәтижелері таныстырылды. Пилоттық жоба негізінде белгілі бір аумақтың проблемаларын жергілікті аумақта шешу үшін ведомствоаралық топ құрылды. Оған мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері кірді.