Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенатттың жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа отырыста квота енгізу мәселесін көтердік қой. Елімізде ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 60 мың ірі қара мал мен 120 мың ұсақ малды экспорттауға рұқсат беру қарастырылып жатыр. Ол- шетелге кететін малдың құны. Ішкі нарықта өңдеу, бордақылау болсын, мал шаруашылықпен айналысатын қожалықтарда еттің бағасы малды тірідей алғанда 700-800 мыңды құрайды. Өзбек бауырларымыз оны 1350-1300-ден көрсетіп жатыр. Квота енгізгенде оның пайызы 10 пайыздан да аспайды. Ол ішкі нарыққа әсер етпейді. Ол шаруа қожалықтарының шетелге тірідей мал шығаруына қосылады. Ішкі нарықтағы баға тұрақты, - деді ол.
Қарашөкеев атағандай, шаруашылықтардағы көтерме сатып алу бойынша баға 1300-1350-ден аспай отыр.
Біздің басты мақсатымыз - мал шаруашылығы қожалықтарының табысын арттыру. Сондықтан шетелге шығатын малдың бағасын көтеру мәселесі тұр. Бірақ бағаны шаруалардың өзі бекітеді, - деді ол.
Сенат отырысында Қарашөкеев еттің бағасын көтеру туралы айтқан еді. Кулуарда ол осылай түсінік берді.