Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министерге ҚР заңнасында қарастырылған құқықтық кепілдіктер басқа елдердің экс-президенттеріне қатысты қабылданған кепілдіктерге сәйкес келе ме? Жалпы, халықаралық тәжірибеде қалай?, – деп сұрақ қойды Сенат депутаты Серікбай Тұрымов.
Әділет министрі Азамат Есқараев заң – халықаралық стандарттарда бар екенін айтты.
Біздің заңнамада көзделген экс-президенттің өкілеттігі мен кепілдіктері расында да қамтылған. Біз әлемдік тәжірибені негізге алып, тексеріп, оның жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес келетінін, сонымен бірге АҚШ-та, Германия, Польша және Италия сияқты елдерінде де осындай сәйкес келетін кепілдіктер көрсетілген анықтадық, – деді министр Сенаттың кеңейтілген отырысында.