Экс-Әділет министрі жаңа қызметке тағайындалды

14 Қаңтар 2022, 12:00
1405
Бөлісу:
Экс-Әділет министрі жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экс-Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Премьер-министрдің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, - делінген Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.

Марат Бекетаев 1977 жылы 29 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (ред. - қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.
2001-2002 ж. - «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.
2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.
2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.
2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.
2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.
2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі.
2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.
2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2011),«Парасат»  орденімен (2017) марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы