Екпеге кезек: Ақтаудағы вакцинациялау пунктіндегі жағдай желіге тарап кетті

9 Тамыз 2021, 09:35
5127
Бөлісу:
Екпеге кезек: Ақтаудағы вакцинациялау пунктіндегі жағдай желіге тарап кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері ақтауда екпе алушылар қатары күрт көбейді. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Ақтау қаласындағы №1 емханадағы болған жағдай видеоға түсіп қалды. Тұрғындар болса, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына емхананы кінәлады.   

Неге вакциналау дұрыс ұйымдастырылмаған? Халық қой сияқты жүр, сөз жоқ, - деп ашуланды вакцина алуға келген тұрғындардың бірі.


Әсіресе №1 емханада вакцина салдыруға кезекке тұрған көп. Емханада 3 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Төртінші кабинетті ашуға дайындалып жатыр. Облыстың бас дәрігері кезекті реттеп, жағдайды бақылауда ұстауда. Дәрігерлер тұрғындарға кезек нөпірін болдырмас үшін қаладағы кез-келген емханаға барып, қажетті вакцинаны алуға кеңес беруде. Дәрігерлер де, емханалар да демалысқа қарамай жұмыс жасауда, - деді денсаулық сақтау басқармасында. 


Өзгелердің жаңалығы