«Екпе алуды күшейту қажет». Смайылов қызылша ауруының өршуі туралы айтты

28 Қараша 2023, 09:20
1248
Бөлісу:
«Екпе алуды күшейту қажет». Смайылов қызылша ауруының өршуі туралы айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакцина алуды күшейту керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аурудың таралуын тоқтату керек.

Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулықтарына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан, екпе алуды күшейту қажет, – дейді Смайылов үкімет отырысында.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керегін атап өтті.

Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет, – дейді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы