Экосағат. Әскерилер де акциядан шет қалмады

4 Қазан 2019, 02:39
1739
Бөлісу:
Экосағат. Әскерилер де акциядан шет қалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда республикалық экологиялық сағат өтті. Аталмыш акцияны ҚР Қорғаныс министрлігі де қолдады.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, №68 орта білім беретін мектептің оқушылары ҚР қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаевпен елордада ағаш көшеттерін отырғызды. Ол оқушыларға табиғатты аялау қажет екендігін, себебі біздің денсаулығымыз, сондай-ақ еліміздің болашағы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты екендігін айтты. 

"Әскери қызметшілерде акциядан шет қалмады. Мыңдаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар өздерінің өңірлерінде аумақты тазарту бойынша өткізілетін шараларға белсенді түрде қатысуда", - деп атап өтті Тимур Дәндібаев.

Ол жас ұрпақты акцияны жалғастыруды қолдауға, қоршаған ортаны аялап, қорғауға шақырды. Экологиялық сағат аясында оқушылармен сабақ өткізіліп, онда оларға табиғатқа саналы түрде барынша қамқорлық көрсету жайы, энергия тиімділігі мен қоқысты бөліп жинаудың қажеттілігі айтылды.   

Бұған дейін хабарлағанымыздай, экосағат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі дүниежүзілік күнге орай өткізілді. Алдағы уақытта Эко-сағат мектептерде бекітілген жоспар бойынша тоқсан сайын өткізілетін болады және бұл ретте қоғамдастық балалармен және жастармен ресурстарға: суға, энергияға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы әңгімелесуге тартылатын болады.

Елодадағы №38 мектеп-лицейінде экосағат өтіп, оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы жобаларын қорғады. Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығы Президиумының төрайымы Әлия Назарбаева экосағатты тұрақты өткізуге шақырды




Өзгелердің жаңалығы