Экономист Айбар Олжай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы цифрландыру, жасанды интеллект және ғылым бағыты бойынша ұсыныстарға қатысты пікір білдірді.
Сарапшы партияның заманауи тенденцияларға басымдық беруін оң қадам деп бағалайды. Осы орайда өздерін цифрлық партия ретінде танытып отырған «Әділеттің» бастамалары ерекше қызығушылық тудырады.
«Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы цифрландыру, жасанды интеллект және ғылым блогын мұқият қарап шықтым. Бүгінде өздерін саяси ұйым ғана емес, заманауи цифрлық партия ретінде позициялап отырған құрылымның бұл бағыттағы ұсыныстары шынымен назар аудартады. Технологиялар жай ғана қолайлы сервистен экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарламаның цифрлық блогында бірнеше принципиалды шешімдер заңдастырылған, – деді Айбар Олжай.
Экономист ұсынылған құжаттағы үш басты бағытты ерекше атап өтті. Маманның айтуынша, бірінші кезекте кадрлар мәселесі және жасанды интеллектке екпін қойылған.
Жақын болашақта елімізде 400 мыңнан астам білікті маман тапшылығы болады деген болжам бар. Партия осы сын-қатердің алдын алып, 5 миллион қазақстандықты ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге үйретпек. Ол үшін барлық ЖОО түлектерін қамтитын AI-Sana бағдарламасы кеңейтіліп, 100 мың deeptech пен ЖИ маманы даярланады. Сондай-ақ өңірлерде 12–18 жастағы жасөспірімдерге арналған TUMO Centers желісі дамытылып, «Ғылым – білім – өндіріс» моделі арқылы IT саласы медицинадан бастап ауыл шаруашылығына дейінгі нақты сектормен тікелей байланыстырылады.
Екінші бағыт ретінде, сарапшы, инфрақұрылым және деректер экономикасы мәселесін тілге тиек етті. Қазір мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн болғанымен, елімізде 400-ден астам әртүрлі бытыраңқы IT-жүйе жұмыс істейді. Партия бытыраңқылықты жойып, бірыңғай платформалық модельге өтуді ұсынып отыр. Сондай-ақ Каспий түбімен суасты ТОБЖ және Батыс-Шығыс гипермагистралін салу арқылы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хаб мәртебесін бекіту көзделген.
Бұдан бөлек 3000-нан астам ауыл сапалы интернетпен, соның ішінде спутниктік желімен қамтамасыз етіледі. Ал серпінді жобалар ретінде AI Hub, Exponential Cluster, CryptoCity реттеуші ортасы және KazSat-3-ті алмастыратын жаңа спутник ұшыру белгіленген.
Сонымен қатар Айбар Олжай киберқауіпсіздік және цифрлық ортадағы адам құқықтарына арналған үшінші блогқа назар аударды. Цифрлық портмоне арқылы әрбір азамат өзі туралы қандай деректер сақталғанын көріп, оларға рұқсат беруді бір-екі саусақпен бас арқылы басқара алады. Телефон арқылы сөйлесудің алғашқы секундтарынан-ақ алаяқтықты анықтайтын ЖИ-ге негізделген ұлттық Антифрод жүйесі енгізіледі. Ал «Цифрлық қоғам» жобасы аға буынды киберқауіпсіздікке үйретуге және жасөспірімдердің цифрлық тәуелділігінің алдын алуға бағытталған.
Ұсынылған бағдарлама бытыраңқы IT-сервистерден платформалық деректер экономикасына өтудің логикалық жолын көрсетеді. Жүйенің орталығында мегаполисте немесе шалғай ауылда тұратынына қарамастан, адамның қауіпсіздігі мен тең мүмкіндіктері тұрғаны маңызды. Айта кету керек, партия тізімінде жастар өте көп, олардың арасында дәл осы IT және цифрландыру саласының өкілдері де аз емес, – деп қорытындылады экономист.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.