Экономиканың дамуы кәсібін жеттік меңгерген мамандарға байланысты – Бектенов

Кеше, 10:20
267
Бөлісу:
Экономиканың дамуы кәсібін жеттік меңгерген мамандарға байланысты – Бектенов
Фото: Үкімет

Бүгін Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтар жылы қандай шаралар өтетіні айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы алғашқы отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтің басты міндетін атады.

Президент Үкіметтің міндеті - экономиканың өсімім қамтамасыз етіп, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту деді. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз керек. Осыған орай Серік Мақашұлы Жұманғариннің жетекшілігімен үкіметтің экономикалық блогы сарапшылармен бірлесіп, бюджет, салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру бойынша да мәселелер бар, – дейді Олжас Абайұлы.

Үкіметтің басшысы ұзақмерзімді әрі тұрақты экономикалық өсу факторы - адами капиталды дамыту екенін атап өтті.

Экономиканың дамуы және азаматтардың әл-ауқатының артуы - кәсібін жеттік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз. Мемлекет басшысы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" жариялады. Үкіметтің биылғы алғашқы отырысын оны тиімді іске асыруға арнаймыз, – деді Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы