Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 84 962,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Economy.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1% көп.
ЖІӨ құрылымындағы ең үлкен үлесті үш негізгі өңір алады:
- Алматы қаласы – жалпы көлемнің 19,3%-ы;
- Атырау облысы – 11,6%;
- Астана қаласы – 10,8%.
Бұл өңірлер ұлттық экономиканың елеулі бөлігін алып отыр. Мәселен, Алматы мен Астананың үлесі 0,73 және 0,71 пайызға жетіп отыр. Алайда Атырау облысының көрсеткіштері төмендеді. Мұнай мен газ өндіру көлемінің қысқаруына байланысты бұл өңірдің жалпы үлесі – 0,68 пайыздық тармаққа азайды.
Ең жоғары экономикалық өсім көрсеткен өңірлер:
- Ұлытау облысы – 10,5%-ға өсу;
- Қарағанды облысы – 9,9%-ға;
- Шымкент қаласы – 9,1%-ға.
Бұл көрсеткіштер аталған өңірлердегі инфрақұрылымдық және өндірістік қуаттардың айтарлықтай дамып жатқанын айғақтайды.
Есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы орташа жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 4 221 мың теңге. Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы өңірлер:
1. Атырау облысы – 13 958,2 мың теңге;
2. Алматы қаласы – 7 295,3 мың теңге;
3. Астана қаласы – 6 276,2 мың теңге.
Ең төмен көрсеткіштер мына өңірлерде тіркелді:
• Түркістан облысы – 1 472,5 мың теңге;
• Жамбыл облысы – 1 820,5 мың теңге;
• Жетісу облысы – 2 011,4 мың теңге.
Өңірлер арасында айырмашылықтар әлі де бар.
Жалпы өңірлік өнім құрылымына жүргізілген талдау өсімнің негізгі драйверлері мыналар екенін анықтады:
• өнеркәсіп;
• құрылыс;
• көлік және логистика.
Әсіресе Қарағанды облысындағы өндірістік көрсеткіштердің динамикасы айтарлықтай жоғары – физикалық көлем индексі 109,9%-ға жетті, ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш – 110,5%. Бұл өңірлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын іске асырудың және тау-кен өндірісіндегі көлемдердің артуының оң әсерін көрсетеді.
Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп жатыр. Дегенмен өңірлік айырмашылықтар әлі де бар және оларды шешу үшін назар аудару қажет, - дейді сарапшы Лина Егелқызы.