Экономиканы қолдау шараларын сапалы іске асыруымыз керек - Мамин

25 Тамыз 2020, 09:52
1468
Бөлісу:
Экономиканы қолдау шараларын сапалы іске асыруымыз керек - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2,8 деңгейінде болады деп болжануда. Бұл туралы бүгін алдағы бес жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралған онлайн Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті. 

Премьер-министр Үкімет алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлегенін атап өтті.

Қазір экономиканың салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, қарқынды төмендетпей, үйлесімді және жедел шешімдер қабылдауымыз керек, - деді ол.
Сондай-ақ, Мамин республикалық бюджеттің көзделген қаражаты мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Халықаралық қаржы институттары коронавирус пандемиясына қарсы шектеу шараларына байланысты орын алған жаһандық рецессия мен іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтуде. 

Оған қарамастан, Fitch рейтингтік агенттігінің тамыздағы деректеріне сәйкес Қазақстанның инвестициялық сенімділігі ВВВ – тұрақты деңгейінде расталды. Сонымен бірге, бұл рейтинг мемлекеттердің 60 пайызында төмендеп отыр, - деп атап өтті Асқар Мамин. 
Бұл Үкімет және Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шараларды уақытында қабылдап, нақты жүргізген жұмыстың нәтижесі деп баға берді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы