Экономика министрі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін айтты

3 Қыркүйек 2022, 10:41
642
Бөлісу:
Экономика министрі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін айтты

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғамның барлық салаларын қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде түйінді әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің нақты міндеттерін қойды, - деді Әлібек Қуантыров.

Ведомства басшысының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде және оны бекітуге Үкіметтің келесі отырысына шығару ұсынылады.

Жолдауды іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады. Біріншісі, жаңа экономикалық саясат, екіншісі, нақты секторды дамыту және үшіншіден, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту. Жолдауда айтылғандай, бүгінде коммуналдық желілердің тозуы 60 процентті қамтиды, оның ішінде электр энергетикасында, жылу және сумен жабдықтауда, су бұруда. Осыған байланысты, табиғи монополиялар саласында «нақты» реформалар талап етілмек, - деді Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы