Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда ел экономикасы мен Үкіметтің баяндамасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Үкіметтің баяндамасында елімізде экономикалық өсімнің бар екендігі, инфляция төмендеп жатқаны айтылады. Алайда тауарлардың бағасы өсіп жатыр, қазақстандықтар шағымданып жатыр. Үкіметке сенім жоқ. Шынайы өмірдегі жағдай мен баяндамадағы деректер екі түрлі?» деп сұрады журналист министрден.
Біз бұл жағдайды білеміз. Өкінішке қарай, жоғары инфляция экономика үшін жақсы сигнал емес. Екіншіден, кез келген дамып келе жатқан экономикада инфляция бар, - деп жауап берді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол «Неге сіздің баяндамаңыз шындықтан алшақ жатыр?» деген сауалға инфляцияны алға тартты.
Біз қабылдаған шаралардың арқасында инфляция жеделдеді. Егер бұл шаралар болмаса, ол әлдеқайда жоғары болар еді. Жалпы экономикада өсім барын жоққа шығаруға болмайды. Сіз статистиканы көрсеңіз, халықаралық рейтингтік агенттіктері біздің рейтингтерді растайды. Бізде (экономикалық – ред.) жағдай жақсарады деген үміт бар. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Коронавирустан кейінгі жағдай, былтыр континентімізде басталған соғыс, геосаяси қақтығыстың ушыққанын көріп отырсыз. Олар экономикалық өсімге, оның ішінде Қазақстанға да теріс әсерін тигізеді, - деді министр.
Айтуынша, Қазақстан теңізге шыға алмайтын мемлекет болғандықтан мұндай катаклизмдер болған кезде бізге сауда жасау қиын.
Сондықтан Қазақстан экспорттық бағыттарын әртараптандыруға жол іздейді. Біз саяси, экономикалық реформалармен, оның ішінде жаңа Салық кодексімен жұмыс істеп жатырмын. Менің ойымша, мұнда тек негативті көрсетудің қажеті жоқ. Себебі, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Ол бәріне көрінбеуі мүмкін, - дейді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ ол азаматтардың сенім рейтингіне тоқталып, жағдайды бақылап отыратындарын айтты.
Әрине, біз жағдайды бақылаймыз, мұны білеміз. Себебі, нақты жағдайды көруіміз керек. Сондай-ақ мен өңірлерді аралаймын, халықпен, әсіресе ауыл тұрғындарымен кездесемін. Сондықтан біз нақты жағдайды көріп, оларға көмектесуге тырысамыз. ШОБ-ты қолдауғ ақша бөлініп жатыр. Биыл 266 млрд теңге бөлінді. Ол 6 айда игерілді. Бұл пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді, - дейді ол.
«Демек, қазақстандықтар Үкіметтің баяндамасына сене алады ғой? Халықтың жағдайы төмендеп кетпейтініне кепілдік бересіз бе?» деп сұрады БАҚ өкілдері.
Мен сұрақты олай қоймас едім. Әрине, белгілі бір деңгейде Үкіметке сенім болуға тиіс. Үкімет халықтың қолдауын сезінген кезде, негізінен, біздің басты міндетіміз – халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, - дейді министр.
Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда ел экономикасы мен Үкіметтің баяндамасына қатысты пікірін де білдірген еді.