Экономика министрі азық-түліктің неге қымбат екенін түсіндірді

5 Наурыз 2024, 15:00
678
Бөлісу:
Экономика министрі азық-түліктің неге қымбат екенін түсіндірді
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров неге ЕО елдерінің арасында Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі вице-премьерге “Еуразиялық одақ елдері арасында Қазақстанда едәуір азық-түлік бағасы өскен. Мұнымен қалай күресесіздер? деп сұрақ қойды.

Үкіметтің брифингінде ол ақпан айы бойынша инфляция Қазақстанда 9,5-9,7 пайыз болғанын атап өтті.

Кей позициялар бойынша 1-1,5 пайызбен кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттағанын байқап отырмыз. Мұны қалай шешуге болады? Ол үшін ең біріншіден, өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Бізде қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша үкімет бағаны қадағалап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар. Интервенцияны керек болса жасаймыз, – деп жауап Байбазаров БАҚ өкілі қойған сұраққа.

Өзгелердің жаңалығы