Экологиялық заңнаманы бұзған: ШҚО-да қытайлық компанияға 1 млрд теңге айыппұл салынды

28 Сәуір 2025, 23:18
290
Бөлісу:
Экологиялық заңнаманы бұзған: ШҚО-да қытайлық компанияға 1 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жатқан қытайлық «СИНЬСИН құрылыс компаниясы» ЖШС экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша облыстық экология департаменті аталған компанияға тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін 1-санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз пайдаланған фактілер анықталды.

Экология инспекторының қаулысымен компания Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 328-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда компания бұл шешімге келіспей, Өскемен қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданған. Сот компанияны кінәлі деп танып, 1 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

«СИНЬСИН құрылыс компаниясы» ЖШС облыстық сотқа да апелляциялық шағым түсірді, бірақ апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы