Экологиялық мәселені мобильді қосымша арқылы шешуге болады

9 Маусым 2022, 11:53
1718
Бөлісу:
Экологиялық мәселені мобильді қосымша арқылы шешуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезең нәтижелері жөніндегі пресс-конференцияда айтылды. 

Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы StopMusor экологиялық-әлеуметтік жобасын екінші жыл жүзеге асырып келеді. 

Жобаның бірінші кезеңдегі мақсаты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындарына қоқысты арнайы жәшіктерге тастауды үйрету болған. Екінші кезең яғни биыл біз республикалық жобаға айналдық. Барлық қалалармен, аудандармен жұмыс жасадық. Биылғы негізгі мақсат қоқысты болдыртпау мен сұрыптауға бағытталды, – деді StopMusor экологиялық-әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапова. 

Ол сонымен қатар, жобаға бірінші кезеңде 1 миллионға жуық адам жұмылдырылса, екінші кезеңде 4 миллионға дейін халық офлайн және онлайн қатысқанын айтты. StopMusor жобасына жастар ғана емес, жасы үлкен адамдар да жұмылдырылды.

Жобаның басында арнайы мобильді қосымшаны ойлап таптық, енгіздік. Бірінші жылы жетпіс адам ғана қатысса, екінші жылы 250-ге тарта сұрақтар келді. Тек қоқыс мәселелеріне ғана емес, жалпы экологиялық мақсатта. Сондықтан осы сәтті пайдаланып баршаңызды сол мобильді қосымшаны жүктеп алып, еліміздегі экологиялық мәселелерді бірге шешуге шақырамыз, – деді Асыл Оқапова.  

Өзгелердің жаңалығы