Экологиялық кодексте Еуропа елдерінің озық тәжірибесі ескерілген – министр

5 Қаңтар 2021, 15:22
2137
Бөлісу:
Экологиялық кодексте Еуропа елдерінің озық тәжірибесі ескерілген – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, үш күн бұрын мемлекет басшысы қол қойған экологиялық кодекс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) мен Еуропа елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, пысықталған.

Біріншіден, «Ластаушы төлейді және қалпына келтіреді» қағидатының негізінде ластануды болдырмау және бақылау бойынша шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны оның бастапқы қалпына келтіруге міндетті, - дейді министр.
Оның айтуынша, екіншіден атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластану проблемасын шешу үшін өнеркәсіпте ең озық қолжетімді технологияларды енгізу көзделген. 
Бірінші кезеңде жалпы ластанудың 80% шығарындыларының көзі болып табылатын 50 ірі кәсіпорындарында енгізу жоспарланған. Еуропада 15 жыл ішінде ең озық қол жетімді технологиялардың арқасында шығарындылар 94% азайтылды. Осы технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар қол жетімді технологияларды пайдаланбаса, олардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері артады,- дейді Мағзұм Мырзағалиев.


Өзгелердің жаңалығы