Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Экология саласында "Цифрлық трансформация" картасы бекітілді

Әсел ӘБІЛБЕК
10 Желтоқсан 2024, 12:00
554
Бөлісу:
 ОКҚ
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, алдағы 5 жылда қолданылатын заманауи технологиялар, атап айтқанда, Жасанды интеллект, компьютерлік көру, үлкен деректерді талдау, спутниктік технологиялар және заттар интернетінің экожүйесі көзделген министрліктің Цифрлық трансформация картасы бекітілді, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл технологиялар қоршаған ортаны ластаушы заттардың шығарылуын бақылау, орман өрттерін ерте анықтау,қоқыс алаңдарын және басқа да жобаларды ғарыштық бақылау сияқты бағыттарда қолданылады.

Цифрландырумен қатар, министрлік халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мен бақылауды автоматтандыру және бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес министрлікке 30 қызмет бекітілген, оның ішінде 29 қызмет электронды түрде, 1 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Осы жылдың 11 айында 34 353 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 96%-ы электронды түрде көрсетілді, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы