Экология министрлігінің "жедел" желісіне 376 арыз түсті

26 Шілде 2020, 18:31
1555
Бөлісу:
Экология министрлігінің "жедел" желісіне 376 арыз түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз қоқыс орындары туралы хабардың басым бөлігі Алматы (61) және Қарағанды  (41) облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түсті, деп хабарлайды едомствоның баспасөз қызметі.

Азаматтардан түскен өтініштердің саны бойынша "бестікке" Ақтөбе (35) және Шығыс Қазақстан (32) облыстары кіреді. 376 шағымның 269-ы стихиялық қоқысқа қатысты, 107-сі толып кеткен контейнерлер туралы шағымдар. 

23 шілдедегі жағдай бойынша әкімдіктермен бірлесіп 132 полигон жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, әкімдіктер мен ішкі істер департаменттері қызметтеріне жіберіледі. Мамандар дереу тексеру орнына барып, сол жерде шаралар қолданады. Кінәлілер жазаланады, соның ішінде айыппұлдар да қолданылады. 

Естеріңізге сала кетсек, Экология министрлігінің жедел желі телефоны +7 (775) 952-49-00. Бұл нөмірді ватсап арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық қоқыстар туралы ақпаратты фотосурет пен бейнетүсірілім арқылы растай отырып, қолдана алады. 

Біз барлық тұрғындарды мәселеге бей-жай қарамай, жедел желіге өз аумағындағы стихиялық қоқыс тастау немесе контейнерлердің толып кету фактілері туралы дереу хабарлауды, өздеріңіз оларға ескерту жасап, полицияға хабарласуды сұраймыз. Тек бірлескен жағдайда ғана біз бұл саланы тәртіпке келтіре аламыз, - дейді вице-министр Ахметжан Пірімқұлов. 
Сонымен қатар, Экология министрлігі, осы демалыс күндерінен бастап ұлттық парктерде және демалыс аймақтарында қоғамдық рейд жүргізе бастады. Бұл жергілікті жерлердегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайды бақылауға және жедел шаралар қабылдауға, соның ішінде заңбұзушыларға айыппұл қолдануға мүмкіндік береді. 
Өзгелердің жаңалығы