Экология министрлігі PMI жобасын іске асыруды жеделдетпек

PMI жобасы көміртекті баға белгілеу құралдарын дамытуға, шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыруға және еліміздің климаттық саясатын қолдауға бағытталған.

 Экология және табиғи ресурстар министрлігі Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
144
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен Partnership for Market Implementation (PMI) жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында жобаның қазіргі жағдайы, негізгі басым бағыттары және Қазақстандағы парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталар саудасы жүйесін жетілдіру бойынша алдағы қадамдар қаралды.

PMI жобасы көміртекті баға белгілеу құралдарын дамытуға, шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыруға және еліміздің климаттық саясатын қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ аукциондық квоталарды бөлу тетігін енгізу, бенчмаркинг жүйесін жетілдіру, нарықтық тұрақтылық құралдарын дамыту және институционалдық әлеуетті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру мақсатында одан әрі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Наверх