Экология министрі ұсталған әріптесіне қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2024, 14:43
1808
Бөлісу:
Экология министрі ұсталған әріптесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ұсталған орынбасары Мансұр Ошурбаевқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатта өткен парламенттік комиссия отырысынан соң БАҚ өкілдеріне министрден әріптесінің жағдайын сұрады.

Тергеу аясында оның (Мансұр Ошурбаевтың) жұмыс бөлмесінен құжаттар алынды. Бүгінгі таңда ол куәгер ретінде тергеуге көмектесіп жатыр. Қазір қызметте, жұмыс істеп жүр, - деді ол Сенатта өткен парламенттік комиссия отырысынан соң. 

Ол тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын айтты.

Ол куәгер ретінде қатысып жатыр. Менің білуімше, ол тергеумен бірлесе жұмыс істемек, - дейді Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Антикор Экология министрлігінің бірқатар қызметкері тергеліп жатқанын хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы