Экология министрі еліміздегі ауа сапасын жақсартуға бағытталған жоба туралы айтты

23 Тамыз 2022, 09:34
1676
Бөлісу:
Экология министрі еліміздегі ауа сапасын жақсартуға бағытталған жоба туралы айтты
Фото: Үкімет

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы іске асу барысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Ол 4 бағытты, 11 міндетті, 19 көрсеткішті және 48 іс-шараны қамтиды.

Министр былтыр Ұлттық жобаны жүзеге асыруға 89,3 миллиард теңге, биыл шамамен 161 миллиард теңге қарастырылғанын айтты.

«Атмосфералық ауаның сапасын арттыру» міндеті аясында 10 ірі қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында шығарындыларды 20 пайызға азайту қарастырылған. Алматы ЖЭО-2 газға көшіру жоспарланып отыр, бұл 2025 жылға қарай ластаушы заттардың шығарындыларын 80 пайызға азайтады, - деді  ол Үкімет отырысында.

Брекешовтың атап өтуінше, Алматыда екінші жылу электр ортылығын (ТЭЦ-2) газға ауыстыру жоспарланған, бұл 2025 жылға қарай ластаушы заттар шығарындыларын 80 пайызға пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге Атырау мұнай өңдеу зауытында түтін газдарын католикалық крекингтен тазарту және қондырғылардағы отын газын аминмен өңдеу жұмыстары жүргізілп жатыр, бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 3,6 пайызға азайтады. Жалпы, 2030 жылға қарай шығарындылардың 9,1 пайызға төмендеуі жоспарланған, - деді ведомства басшысы.

Экология министрі   «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын жүзеге асыру тұрақты бақылауда екенін айтты.

Министрліктің Жобалық кеңсесінде апта сайын мониторинг жүргізіледі, - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы