ЭКО процедурасына квотаны қалай алуға болады?

10 Қараша 2021, 18:09
1206
Бөлісу:
ЭКО процедурасына квотаны қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова хабарлады. 

Оның айтуынша, ең алдымен тіркелген жері бойынша емханаға барып, учаскелік гинеколог немесе уролог дәрігердің қабылдануына кіру қажет.

Учаскелік дәрігер толық тексерістен өткізіп, диагнозды анықтайды. Бұл тексеру медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жасалады. Тексеру нәтижесімен әйелдің құжаттары мультидисциплинарлық комиссияға көрсетіледі. Пациенттің ЭКО-ға қатысу-қатыспауы туралы шешімді комиссия шығарады, – деп түсіндірді Мағрипа Ембергенова.

Одан соң комиссия әйел адамды «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді. Емшараға дайындық басталады.

Оның барлығы электронды түрде жүргізіледі. Пациент өзі таңдаған ЭКО емханадағы репродуктологқа барып, бағдарламаға кіреді, – деді департамент директоры.
Өзгелердің жаңалығы