Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

7 Сәуір 2023, 18:11
9445
Бөлісу:
Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордадағы Астана халықаралық мектебінде әлеуметтік жобалар көрмесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде мектептің 9-сынып оқушылары өздерінің жобаларын таныстырды.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Білім ордасының оқушылары Халықаралық бакалавриат бағдарламасы оқу жылында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді.

Әлеуметтік жоба – 9-сынып оқушыларының қоғамдағы проблеманы анықтауға және оны шешу жолындағы іс-әрекеттерге бағытталған бір жылдық топтық жұмысы. Ол зерттеуден, жоспарлаудан, әрекеттен және рефлексиядан тұрады.

Әрбір жоба студенттерді қызықтыратын тақырыптар бойынша жүргізіледі және алдын ала зерттеулерге негізделген.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Астана халықаралық мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақбар Түсіпбаев іс-шараның мақсатын түсіндіріп берді.

Мектептің бірінші ерекшелігі – халықаралық бакалавриатта сабақ беруінде. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушыға тек контент беру ғана емес, сонымен бірге оқушыларға белгілі бір қоғамда бар мәселелердің шешу жолдарын қарастыру. Мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында PYP Exhibition, 9-сыныпта әлеуметтік жобалар және 10-сынып оқушылары арасында жеке жобалар бар. Мұның бәрі балаларды қоғамға қызмет етуге үйретеді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дағдысын, зерттеу дағдысын дамытады. Өйткені оқушылар белгілі бір проблеманы зерттеп, оның қайдан шыққанын көреді. Одан кейін зерттеп алғаннан кейін жоспар құрастырады. Кейін осы жоспарға сәйкес іс-әрекеттерді жасап, рефлексия жасайды, - дейді директордың орынбасары.

Сөзінше, оқушылар өз жобаларымен бір жыл бойы айналысады. Осылайша, жасаған жобаларын достарына, ата-аналарына, мұғалімдеріне таныстырады.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Бүгінгі көрмеге мектептегі барлық 9-сынып қатысып жатыр. 50-ге жуық жоба қойылған. Олар оқушылардың қоғамға қызмет етуіне өз септігін тигізіп келеді.

Көрмеге үздік жоба ұсынған оқушылар кейін НЗМ арасындағы әлеуметтік сайыстарға қатысады. Бұл жердегі мақсат - тек нәтиже көру емес, бастысы оқушылардың бойында дағды қалыптастыру. Яғни, өмірге қажетті процестерді үйрену, болашақта кездесетін проблемаларды шеше білуге дағдыландыру. Бұл жобалардың үлкен жетістігі – осында, - дейді Ақбар Түсіпбаев.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Директор орынбасары бүгінгі көрмедегі өзіне ұнаған жобалардың бірнешеуін атап өтті. Олар – конфликт болған жағдайда ойын арқылы сайысып, проблеманы шешуге арналған жоба, одан бөлек, күйзелістен шығаруға болатын жоба.

Былтыр Астана халықаралық мектебінің оқушысы Мұстафа Дарханұлы қазақ тілін үйрету бойынша ойын жасап, оған патент алған.

Оқушылар қандай жоба ұсынды?

«Қайырымдылық жәрмеңкесі»

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

9-сынып оқушылары ұсынған жобаның бірі – «Қайырымдылық жәрмеңкесі» жобасы.

Жобаның негізгі міндеті – әлеуметтік даму ерекшеліктері бар балаларға көмектесу. Сонымен қатар біз бұл тақырыпты қоғамға қандай да бір үлес қосу үшін таңдадық. Бұл тақырып неліктен маңызды? Ол ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемасы. Ол қоғамымызда дамып келе жатқаны жасырын емес. Көптеген адам бұл тақырыптан қашқақтайды. Өйткені олар одан қорқады немесе бұл мәселеде тәжірибелері жоқ. Сол себепті де біз осы тақырыпты көтеріп, қайырымдылық акциясын өткізіп, қаражат жинадық. Жиналған қаражатқа Балалар үйіндегі балаларға киімдер, ойыншықтар, тәттілер алып бардық. Алдағы уақытта да осы акцияны жалғастыру ойда бар, - дейді Сезім Нұртас.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Жоба авторлары 100 мың теңгеден аса қаражат жинаған.

Оқушылар жәрмеңке ұйымдастырып, өз қолдарымен тамақ пісіріп сатқан.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Қыздар алдағы уақытта тағы да осындай жәрмеңке өткізіп, енді балаларға ойыншық, тәтті түрінде емес, ақшалай көмек бергілері келеді.

Жобаның авторлары – 9-сынып оқушылары Сезім Нұртас, Гүлнұр Шахманова, Елнара Сейсенби.

Stress Relief

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Оқушылар Stress Relief-тің қандай жоба, оның мақсаты неде екенін түсіндіріп берді.

Біздің мақсатымыз – оқушылардың күйзелісін азайту. Стресс деген не? Ол әр адамның ішкі сезімі. Адам стрестік жағдайға түскенде көбірек қимылдап, спортпен, сүйікті іспен айналысып, көбірек су ішу қажет, - дейді оқушылар.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Олар оқушыларға арт-терапия арқылы күйзелістен шығуға көмектескен. Жоба авторлары оқушыларға қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар берген. Кейін балалар оларды пайдаланып, суреттер салған.

Бұл жобаға 5-сыныптың оқушылары қатысқан. Олардың салған барлық суреті авторларда сақталған.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Жобаның авторлары – 9-сынып оқушылары Данара Нұрмахан, Камила Жакишева, Диана Әбдіхами.

«Балалар үйіндегі балаларға көмектесу» жобасы

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Бұл жобаның басты мақсаты – балалар үйіне материалды тұрғыда көмектесу.

Алдымен біз Балалар үйімен келісіп алдық. Кейін кеңсе тауарлары дүкенімен келістік. Сөйтіп «Жақсылық жаса» акциясына қосылуға шақырдық. Нәтижесінде олар бізге 50-ге жуық тауар (күнделік – авт.) берді. Біз 2-3 апта ішінде оларды сатып, қажетті қаражатты жинадық. 120-130 мың теңгедей ақша түсті. Бұл қаражатқа әртүрлі кеңсе тауарларын, киім-кешек және тағам сатып алып, балалар үйіне апардық, - дейді 9-сынып оқушысы Темірлан Тоқан.

Балалар күнделіктерді көшелерде сатқан. Сөздерінше, бағасы дүкендегідей қымбаттырақ болған.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Оқушылар әртүрлі жастағы балалармен танысқан, болашақтағы жоспарларын ортаға салып, бір-біріне кеңестерін берген.

Сонымен қатар оқушылар Астана халықаралық мектебінде балалардың кейбір пәндерді оқу мүмкіндіктерін талқылаған.

Жобаның авторлары – 9-сынып оқушылары Темірлан Тоқан және т.б.

«Эко бокстар»

Жобамыз «Эко бокстар» деп аталады. Үйлестіруші алдымен түрлі тақырыптарды ұсынды. Мен соның ішінде осы тақырыпты таңдап, командаммен талқыладым. Сөйтіп осы жобаны жүзеге асыра бастадық, - дейді Ернұр Серғазы.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Жобаның мақсаты – мектептегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Қазір балалар мектепке төрт блокқа эко бокстар орнатқан. Балалар мен мектеп ұжымы осы бокстарға қоқыстарын сұрыптап тастап жүр.

Оқушылар эко қораптарды сатып алған.

Жобаның авторлары – 9-сынып оқушылары Ернұр Серғазы, Нұрәлі Нұрбаев, Әділ Әзиев.

Танымдық жобалар өте көп

Көрмеге қатысқан оқушылар жобаларға өз бағаларын да берді.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

5-сынып оқушысы Амира Елубай өзіне қандай жоба ұнағанын айтты.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Жоба авторлары бұған дейін жәрмеңке өткізіп, бірі түрлі тағамдар пісіріп сатып, қаражат жинаған. Осы қаражатты кейбірі тамақ, жем алу үшін жануарларға қарайтын жерлерге берген. Үйшіктерін жасап берді. Сондай-ақ 9-сынып оқушылары жануарларға қалай үйшік құруға болатынын да айтып берген болатын, - дейді Амира.

Эко бокстар, Stress Relief. Елордалық оқушылар мектепте немен айналысады

Сонымен қатар 5-сынып оқушысы Насима Төрехан да өз ойын айтты.

Бүгін көрмеде ерекше жобалармен таныстым. Әсіресе, ұнағаны – балалар үйіне көрсетілген көмек. Барлық жұмыс өте қызықты. Стрестен құтылуға қатысты жобаны да көрдім. Бұл қазіргі күні өте маңызды жоба деп есептеймін. Эко бокстар жобасы да өте танымдық. Адамдардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, - дейді оқушы.

Өзгелердің жаңалығы