Экипажда жоғары тәжірибелі мамандар болды – ТЖМ

24 Ақпан 2023, 12:14
777
Бөлісу:
Экипажда жоғары тәжірибелі мамандар болды – ТЖМ
Фото: aikyn.kz

БҚО-да тікұшақ апатынан қаза болғандардың авиа құтқару саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан кем болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.       

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің брифингіде ведомствоның ресми өкілі айтты. 

Экипажда өте білікті, жоғары тәжірибелі мамандар болды. Олардың әуеде ұшу сағаттары да аз емес. Әрқайсысының авиа құтқару саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан кем емес. Ал жалпы еңбек өтілі, жұмыс тәжірибелері 30 жылдан асады, - деді ол. 

Сондай-ақ Руслан Иманқұлов ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығындар «Қазавиа» құтқару есебінен жүргізілетінін айтты.  

Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларындағы балалар кәмілеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етілетін болады, - деді ол.  

Айта кетейік, тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері оқиға орнына міндетті түрде барып, зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Оқиғаның мән-жайын тергеумен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департамент қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері айналысады. 

Өзгелердің жаңалығы