Екінші ерікті ұлттық шолудың мақсаты қандай?

19 Сәуір 2022, 11:27
1507
Бөлісу:
Екінші ерікті ұлттық шолудың мақсаты қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан 2022 жылы Екінші ерікті ұлттық шолуды көрсетпек. 

Түпкі мақсат шолуды жасау емес. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін қандай жетістіктеріміз, кемшіліктеріміз, мүмкіндіктеріміз бар екенін анықтау, – дейді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Бүгінде Экономикалық зерттеулер институты Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Екінші ұлттық шолу жобасын дайындады. Оны дайындау барысында ел өңірлерімен де тығыз жұмыс жасалды. 

Өңірлерде өткізілген талқылаулар біздің еліміз үшін өте маңызды бес мақсатты көрсетті. Бұл кедейшілікті жою, жақсы денсаулық пен әл-ауқат, сапалы білім беру, таза суға және лайықты жұмыс орындары мен экономикалық өсімге байланысты мақсаттар, – деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар өз сөзінде.

Еске салсақ, Бірінші ерікті ұлттық шолу Біріккен ұлттар ұйымына 2019 жылы көрсетілген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы