Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Бөлісу:
Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?
PHOTO
Фото: автордан

Банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде банкаралық QR бойынша пилоттық жоба таныстырылды.

Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Азаматтарға QR төлемдерін жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беретін банкаралық QR төлем қызметі - Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің бірі саналады.

Пилоттық жоба 2025 жылы қолданысқа берілмек. Қазіргі таңда еліміздегі екінші деңгейлі банктер бұл төлем қызметіне кезең-кезеңмен қосылып жатыр.

QR-төлемдер әртүрлі банктерді қолданатын адамдарға тиімді тәсіл болмақ. Биыл біз телефон нөмірі арқылы банктен-банкке ақша аудару және QR төлемдерге қатысты негізгі шарттарды әзірлеу бағытында үлкен жұмыс атқардық. Біз жүйені іске қостық, қазір нарықтағы барлық қатысушыны қосу бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Айта кетейік, қазіргі таңда банктер біртіндеп, кезең-кезеңмен қосылып жатыр. Пилоттық жобамыз 2025 жылы қолданысқа беріледі, сауда орындарында, дүкендерде пайда болады, - деді Ұлттық төлем корпорациясының қызметкері Жанна Мүсірепова.

Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Ал Ұлттық банктің цифрлық трансформация жөніндегі жетекшісі Бинұр Жаленов Open API платформасына тоқталып өтті.

Open API платформасы – бұл бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға көмектесетін жүйе. Мысалы, телефон нөмірі бойынша ақша аударып, банктер арасында QR-төлемдер жасай аласыз. Сондай-ақ бұл өз қалауыңыз бойынша барлық шотыңызды бақылауға, әртүрлі банктегі қаражатыңызды өзіңіз таңдаған қосымшада басқаруға мүмкіндік береді. Бүгін арнайы ұйымдастырылған стендте біз серіктес банктермен бірге осы жүйені пайдаланудың бір мысалын көрсетеміз, - деді Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі – Ұлттық банктің цифрлық трансформация жөніндегі жетекшісі Бинұр Жаленов.

Жанна Мүсірепова екінші деңгейлі банктерге ортақ QR-төлемінің пайда болуы - банктердің бәсекелестігін арттырып, саудагерлерден алынатын пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ маман алаяқтар динамикалық QR-ды бұза алмайтынын айтты.

Адамдар үшін алаяқтардан қорғанудың жеңіл тәсілі - QR-төлем кезінде төлейтін сома мен иесін тексеру қажет. Егер бір нәрсе түсінікті болмаған жағдайда саудагерлерден сұрау қажет. Сіздің атыңызда тіркелген бе, төлеуге болады ма дегендей. Алаяқтар динамикалық QR-ды бұза алмайды. Ал бізде тағы статикалық QR бар. Оны кез келген адам қағазға басып шығара алады. Динамикалық QR-ды әрбір сауда орындардың иелері банктерден ала алады. Яғни, банкке барып, есеп ашып, динамикалық QR-ды алады. Ал пайызға келер болсақ. Төлем жасаған адамнан пайыз алынбайды. Тек сатушыдан пайыз алынады. Бәсекелес банктер көбейгенде пайыздың мөлшері азаймақ. Біздің де басты мақсатымыз осы. Сол себептен де осындай жүмыстарды ақтарып жатырмыз, - деді Жанна Мүсірепова.

Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Ал танымал экономист Мақсат Халық QR-төлемге кедергілер жойылатын болса, онда ақша қаражаттары тез айналатынын айтып өтті.

Цифрлы теңге көлеңкелі экономиканың элементтеріне, кибер шабуылға төтеп беретін көріп отырмыз. Ал QR жайлы айта кетсек, бір ғана банкте төлем жүргеннен әртүрлі банктерде жүргені тиімді болмақ. Төлем кезінде барлығы жылдам әрі тез болуына септігін тигізеді. Біз қазір сондай кезеңге өтіп жатырмыз. Неғұрлым кедергілер жойылатын болса, онда соғұрлым ақша қаражаттары тез айналатын болады. Ал өз кезегінде ақша айналымның жылдамдығы экономикалық белсенділікке де, іскерлік белсенділікке де септігіні тигізеді, - деді Экономист Мақсат Халық.

Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етіліп, қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны масштабтау 2025 жылға жоспарланған. Бірінші транзакцияның көрсетілімі 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында екінші деңгейлі екі банктің қатысуымен өтті.

Екінші деңгейлі банктерге ортақ болатын QR төлем қызметінің артықшылығы қандай?

Еске салсақ, Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде банкаралық QR бойынша пилоттық жоба таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы