Екібастұздың жылыту маусымына дайындығы қандай

20 Қазан 2023, 02:33
556
Бөлісу:
Екібастұздың жылыту маусымына дайындығы қандай
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз ЖЭО-да жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қазір мұнда төрт қазандық іске қосылды, біреуі резервте. Қалған бес қазандықтың жөндеу жұмыстарын мамандар қазан айының соңына дейін аяқтайды.

Екібастұздағы барлық 90 әлеуметтік нысан, 690 көпқабатты тұрғын үйден 688 үй (Беркімбаев, 99 және Кеншілер, 5 мекен жайлары бойынша ПИК үйішілік желілерге жөндеу жүргізуде), сондай-ақ, жеке сектордағы 5461 жеке үйге жылу берілді, қалған 276 үйді 24 қазанға дейін қосу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Асайын Байханов екібастұздықтардың жылуға қатысты шағымдарын жедел түрде қарастыруды тапсырды.

Қала тұрғындарының өтініштерінде жиі кездесетін Абай, 39, 72; Беркімбаев, 182 А; Бөгенбай батыр, 8; Көшербаев, 18, 54 А, 58; Матросов, 3; Молдағұлова, 47/5; М. Жүсіп, 40 А; Сәтбаев, 12; Торайғыров, 114/2; Шешембеков, 11, Энергетиктер, 97 А мекен жайларына және аурухана кешеніне ерекше назар аударуға нұсқау берді.

Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға аптаның соңына дейін жылу желілерінің мамандарымен бірлесіп шағымдарды қарап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы