Екібастұздағы жөндеу жұмыстарының барлық шығынын компаниялар жабады

30 Қараша 2022, 13:00
908
Бөлісу:
Екібастұздағы жөндеу жұмыстарының барлық шығынын компаниялар жабады

Бұл туралы бүгін Павлодар қаласында өткен брифинг барысында сөз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жексенбіде Екібастұз қаласында төтенше жағдай болды. Соның салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалып, тіпті басқа өңірлерге эвокуацияланған еді.

Брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин төтенше жағдайдан кейінгі ахуал жайлы айтты.

Жылумен жабдықтау саласындағы жағдайға байланысты әкімдік жылумен жабдықтауды төмендету туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде 149 көпқабатты, 114 жеке үйлер, 15 әлеуметтік ғимараттардың жылумен жабдықталуы тоқтатылды. Қазір жөндеу жұмыстары қалыпқа келтіріліп, бүгін кешке дейін 17 көпқабатты үйлер жылу жүйесіне толық қосылатын болады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, бүгінде министрлікке жапа шеккен тұрғындардан мыңға жуық арыз-шағым келіп түскен. Олардың барлық шығынын компаниялар төлейтін болады дейді ол.

Сондай-ақ брифинг барысында құбырлардың ақау шыққан жерлері толық жөнделгені туралы сөз етілді. Тұрғындар да бұл ретте көмектесіп жатыр деді.

Алғашқы екі күн жағдай қиын болды. Себебі, қай жерден су аққаны туралы мамандар білмеді. Қазір мамандар барлық ақауды тауып, оны толығымен жөндеді. Бүгін жұмыстың 99%-ы аяқталады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, 5000 электр жылытқыш қала тұрғындарына тегін таратылды. Тұрғындарға сатып алудың қажеті жоқ, бәрі тегін таратылады. Оны компаниялар, "AMANAT" партиясы үлестіретін болады.

Өзгелердің жаңалығы