Екібастұздағы газ құю бекетіндегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша 26 шілде сағат 13:24-те шыққан өрт сөндірілді. Алайда бекет маңынан жас ер адамның денесі табылды.
Екібастұз қаласы Қонаев 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатырын шарпыды. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, өрт 15:00-де оқшауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.