Екібастұздағы ТЖ: 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда

30 Қараша 2022, 10:15
1138
Бөлісу:
Екібастұздағы ТЖ: 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда

Бұл туралы Үкіметтің ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. 

Екібастұздағы ТЖ: 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда

Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда. Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексерілуде. 

Екібастұздағы ТЖ: 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда

Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура 24°C құрайды.

Өзгелердің жаңалығы