Екібастұздағы барлық зардап шеккен үйге жылу берілді

7 Желтоқсан 2022, 08:58
1338
Бөлісу:
Екібастұздағы барлық зардап шеккен үйге жылу берілді

Жедел штаб басшысы-Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша барлық зардап шеккен үйге жылу берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Желілік судың параметрлері: қысымы 8,8 кг/см2, түзу бағытта 83 градус, түзу және кері бағытта 56 градусты құрайды.

Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылумен қамтуды қалыпқа келтіру үшін барлық күштерді жұмылдыруда.

Өкінішке орай, соңғы күндері орын алған оқиғалардың нәтижесінде болған гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі, соның ішінде тұтынушылар мен ПИК-тердің жылу тасымалдағыштағы суды рұқсатсыз ағызуы бұл жұмысты қиындатты.

Барлық тұрғындарға шыдамдылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылумен қамту толығымен қалпына келеді деп ойлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы