Екібастұздағы апат: 28 тұрғынүйдің 8-не су берілді

6 Желтоқсан 2022, 20:24
933
Бөлісу:
Екібастұздағы апат: 28 тұрғынүйдің 8-не су берілді

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сағат 18:15-те біз Сәтпаев, 8 мекенжайында орналасқан тұрғынүй кешенінде батареялар орнату мен тіреушелерді монтаждауды аяқтадық. Бұл дегеніміз – 6 корпус пен 20 кіреберіс. Қазір толықтай бүкіл үйге жылу беріліп, реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Машһүр Жүсіп, 52 мекенжайында жұмыстар жалғасуда, 20 кіреберістің 14-і іске қосылды. Ал 6 кіреберісте жұмыс жүруде. Жұмыс түні бойы жасалады, - деп атап өтті облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы. 

Айтуынша, жұмыс ертең таңғы сағат 8-де аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Көпшілікте біз неге бұл тұрғынүйлерде ұзақ жұмыс істеп жатыр деген сұрақ туындады. Өзге үйлермен салыстырғанда, бұл екі тұрғынүйде батареялар толықтай қатып қалған. Су әрі қарай өтпей, осы тұрғынүй кешендерінің батареясындағы тіреушелерде қалған. Осыған байланысты бүкіл қабаттардағы әр пәтерлерде тіреуіштер мен батареяларды ауыстырдық. Бүгін сумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жалғасын тапты. 28 тұрғынүйдің 8-інде суды қостық. Су құбырындағы мұзды еріттік. Бұрын үйлерде жылу болмағандықтан мұндай жұмыстарды жасай алмадық, - деп түсіндірді Олег Крук.  

Кеше Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин 1200-дей отбасының жылусыз отырғанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы