Екібастұзда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

11 Қаңтар 2023, 14:29
665
Бөлісу:
Екібастұзда жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Жолда автокөлігі бұзылып қалған екі адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде Астана қаласы бағытына қарай жолға шыққан көлік бұзылып қалған.

112 кезекші диспетчерінен екі адамды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті. Жүргізуші мен жолаушы "Кочевник" дәмханасына дейін жеткізілді, – деді басқармада.

Өзгелердің жаңалығы