Екібастұзда өзін полицеймін деп таныстыратын алаяқтар ұсталды

3 Шілде 2022, 00:26
1205
Бөлісу:
Екібастұзда өзін полицеймін деп таныстыратын алаяқтар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында өзін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды.

Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың бірі – тонау үшін бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғыны. Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет еткен. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтардан құжаттарын көрсетуді талап еткен. Кейін банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол несие ресімдеген.

Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы 2-бөлігі бойынша осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы