Екібастұзда мектептер мен колледждер қашықтан оқуға көшірілді

20 Ақпан 2023, 12:49
1025
Бөлісу:
Екібастұзда мектептер мен колледждер қашықтан оқуға көшірілді
Фото: https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2Fkz%2Fkashyktan-okytudyn-birinshi-kuni-ata-ana-men-sarapshylar-pikiri_a3634364&psig=AOvVaw2zi-WiKkkIBo3ZYFpLH6Wi&ust=1676955391246000&source=images&cd=vfe&ved=0CAMQjB1qFwoTCLCC0YKno_0CFQAAAAAdAAAAABAE

Бұл туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімі Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қашықтықтан оқытуды жалғастырады. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС деректері бойынша бүгінгі күні қалада жылу беру оңтайлы параметрге шығарылды, алайда білім беру ұйымдарына үй-жайларды жылыту және қажетті температуралық режимге қол жеткізу үшін уақыт қажет.

Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі.

Санитариялық нормаларға сәйкес температуралық режимге жеткен кезде мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқыту режиміне ауыстырылатын болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы