Екібастұзда мас әйел терезеден құлап кетті

23 Наурыз 2021, 12:05
2275
Бөлісу:
Екібастұзда мас әйел терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда 55 жастағы әйел үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оқыс оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан үйде болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы шақырудан екі минут өткен соң болды. Дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, оның мас күйінде екенін анықтады.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел адамның оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған. Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы