Екібастұзда ГРЭС-2-де апат болғаны туралы ақпарат жалған – ТЖМ ресми өкілі

18 Желтоқсан 2020, 18:24
1624
Бөлісу:
Екібастұзда ГРЭС-2-де апат болғаны туралы ақпарат жалған – ТЖМ ресми өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласында ГРЭС-2-де апат болғаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Осыған орай ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли түсініктеме берді.

Жалған ақпаратқа жол бермеу және таратпау мақсатында Павлодар облысының Екібастұз қаласында ГРЭС-2-де техногендік сипаттағы апат болмағанын хабарлаймыз, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Азаматтар WhatsApp мессенджері арқылы, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде 2020 жылғы 13 желтоқсанда Қарағанды қаласындағы KazakhmysEnergy ЖШС-де болған бейнематериалдарды таратуда. Онда № 14 қазандықтың бу құбырының екінші бұрылысынан ақау шыққан болатын.

Осыған орай барша азаматқа ҚР ТЖМ ресми деректеріне сүйенген абзал екендігін еске саламыз, - деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы