Екібастұздағы екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп, 124 көшесіне қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі, - делінген компания хабарламасында.
Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетіледі деп отыр.
Екібастұзда бірқатар тұрғын үйде жылу болмайды
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде алимент төлеушілер көбейген
Келесі жаңалық
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді
Өзгелердің жаңалығы