Екібастұзда балаларға арналған ЅТЕАМ-зертханасы ашылды

5 Мамыр 2022, 08:05
2016
Бөлісу:
Екібастұзда балаларға арналған ЅТЕАМ-зертханасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЅТЕАМ-зертханасында мектеп жасына дейінгі балалар түрлі ғылымдарды оқып-үйренуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, ЅТЕАМ-зертханасында мектеп жасына дейінгі балалар түрлі ғылымдарды оқып-үйренуге мүмкіндік алады. 2001 жылдан бастап зияткерлік даму орталығына айналған балабақша қызметімен облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Әйгерім Әбенова танысты.

STEAM-кешенінде бес бағдарлама бойынша сабақтар жүргізіледі. «Жанды және жансыз табиғатпен тәжірибе» , «LEGO-құрастыру», «Математикалық даму», «Робототехника» және «Мен әлемді жасаймын» мультстудиясы. Барлық модульдерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында кабинет қажетті робототехникамен, «Наураша» цифрлық зертханасымен және конструкторлармен жабдықталған. STEM-білім беруді дамыту үшін балабақша мамандары қажетті оқытудан өтті, - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстарына және зертхананы жабдықтауға «Проммашкомплект» ЖШС көмек көрсетті. Ал робот техникасы бойынша жиынтықтарды сатып алуға Павлодар облысының білім басқармасы 4000000 теңге бөлді. Бұдан басқа жабдықтарды балабақша облыстық және қалалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауларындағы жеңістері үшін білім беру ұйымдарын дамытуға бөлген қаражатқа сатып алды.

Балабақшада қазақ және орыс тілдеріндегі білім беру қызметтерімен 311 мектеп жасына дейінгі бала қамтылған.

Балабақшаға келген құрметті меймандарға экскурсияны балақайлардың өздері көрсетті. Балалар бағдарламалау, ғылыми-жобалық қызмет, мультфильмдер түсіру, құрастыру, мемлекеттік тілді үйрену дағдыларын көрсетті, сондай-ақ Екібастұздың 65 жылдығына арналған костюмдер жинағы мен 3D-макеттер көрмесін ұсынды.

Қазіргі заманғы әлем білім берудің алдына күрделі міндеттер қойып отырғанын атап өткім келеді. Балалар үшін оқыту қызықты, білім тәжірибеде қолданылуы тиіс және мұның бәрі болашақта балаға оң әсерін беруі керек. Екібастұз қаласының №1 балабақшасында енгізілген STEAM-білім беру сияқты заманауи білім беру бағдарламалары ерте жастан балалардың ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Әйгерім Әбенова.

Өзгелердің жаңалығы