Екібастұзда 5 маусым күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін

3 Маусым 2022, 05:33
1094
Бөлісу:
Екібастұзда 5 маусым күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда өтетін референдумға орай Екібастұз қаласында қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Екібастұз қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі.

 

5 маусымда өтетін референдумға орай қалада қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Сонымен қатар, таңғы уақытта саяжайдан шығатын автобустарбың уақыты бір сағатқа шегеріледі, - делінген хабарламада.


Яғни, 31 шағын аудан, 22 шағын ауданнан соңғы қалалық аялдамаладран "Надежда" - "ГО" саяжайларына дейін сағат 9:00, 11:00 аралығында жүреді. Ал "Союз" саяжайына бейін сағат 9:10, 11:10-да жүреді.

Айта кетейік, 5 маусым күні Павлодар қаласында да қоғамдық көліктердің барлық түрі жолаушыларды тегін алып жүреді.

Өзгелердің жаңалығы