Екібастұз қалалық вокзалы жаңартылады

11 Наурыз 2023, 21:50
1014
Бөлісу:
Екібастұз қалалық вокзалы жаңартылады
Фото: pavlodarnews.kz

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екібастұзда тұрғанда оның қызметтерін жиі пайдаланатынмын. 90-шы жылдардың аяғынан бері мұнда көп нәрсе өзгермеген деуге болады. Облыс орталығындағы вокзал сияқты, ол да жаңартуды қажет етеді. Бұл мәселемен айналысатын боламыз, - деді аймақ басшысы.

Асайын Байханов облыстық жолаушылар көлігі басқармасына келесі жылға жұмыстарға бюджеттен қаражат қарастыру үшін вокзалды қараша айына дейін қайта құру жобасын дайындауды тапсырды.  

Мұндағы басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділік, қызмет көрсету саласында шағын бизнес үшін пайдалы кеңістік пен жағдайлар ұйымдастыру.

Сондай-ақ Екібастұз әкімдігіне вокзал маңында орналасқан шағын-скверді абаттандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы