Екібастұз – Павлодар тасжолында жүк көлігінің тіркемесі өртенді

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 11 Қараша 2026, 21:51
11 Қараша 2026, 21:51
103
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысында макулатура тиелген жүк көлігінің тіркемесінен өрт шықты. Оқиға Екібастұз – Павлодар автожолында болған.

Өрт туралы хабарлама облыстық «112» пультіне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жалынды толық сөндірді. Өрттің басқа нысандарға таралуына жол берілген жоқ.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Наверх