Екібастұз әкімі: Отбасым қаладан ешқайда кеткен жоқ

6 Желтоқсан 2022, 21:00
944
Бөлісу:
Екібастұз әкімі: Отбасым қаладан ешқайда кеткен жоқ

Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі  Аян Бейсекин жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдымызда тұрған басты мәселе – көтергіш құралдарды, пәтерлердің ішінде орналасқан регистрлерді ауыстыру жұмыстарын аяқтау. Жалпы 20 кіреберісте жұмысты аяқтадық. Ал Мәшһүр Жүсіп, 52 мекенжайындағы үйлерде ұзақ уақыт жұмыс істеп жатқанымыздың себебі – 1-ден 9-шы қабатқа дейінгі барлық регистрлердің мұздап қалуы. Бұл үйлерде суды дренаждау бойынша жұмыстар уақытылы жүргізілмеген деген сөз, - деп түсіндірді қала басшысы. 

Айтуынша, қаладағы 28 үйдің сегізінде су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Енді басқа үйлерге су беру үшін жұмыс таңға дейін жалғасады.  Сондай-ақ әкім өзі тұратын үйдегі жылуға және отбасының қайда екендігіне қатысты сұраққа жауап берді. 

Бүкіл қаладағыдай параметрлерді төмендету (біздің үйде де) болды. Менің отбасым тәулігіне 24 сағат Екібастұзда. Осы жерге көшіп келгелі олар ешқайда кеткен жоқ, - деді Аян Бейсекин.  

Бұған дейін Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук 28 тұрғынүйдің 8-не су берілгені туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы