Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жыл сайын мектеп оқушылары санының өсуіне байланысты қалада 2026-2027 оқу жылына қарай 5 мың мұғалімге қажеттілік туындайды. Кадр тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен педагогикалық мамандықтарға 1 000 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп келеді, - дейді ол.
Елордада қазіргі таңда 365 544 баланы камтып отырған 757 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 525 балабақша, 172 мектеп, 32 колледж, 11 қосымша білім беру ұйымы және 15 арнайы білім беру ұйымы.