Екі жұмыс: Апатты нысанды бұзуға екі есе көп қаражат қажет

25 Қараша 2022, 10:36
1186
Бөлісу:
Екі жұмыс: Апатты нысанды бұзуға екі есе көп қаражат қажет

Бұл туралы үкімет сағатында ҚР Парламенті  Сенатының депутаты Серік Шайдаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шайдаров құрылыстағы сапаның нашар болуын уәкілетті орган цифрландыру арқылы шешуге тырысып жатқанын атады. Алайда оның ойынша «Е-Құрылыс» сияқты ақпараттық жүйелер тек бұзушылықтарды тіркейді, ақауларды азайтуға және оларды жоюға, сондай-ақ салынған объектілердің сапасын жақсартуға ықпал етпейді.

Алматы қаласының Зерделі шағын ауданында сапасыз құрылысқа байланысты қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 108 адамға арналған екі апатты үй бұзылып жатыр. Апатты нысанды бұзу үшін құрылысқа жұмсалғаннан екі еседен астам қаражат қажет. Мысалы, бұзуға 1,4 млрд теңге бөлінсе, құрылыс нысанын салуға 2012-2014 жылдары 600 млн теңге бөлінген, - деді сенатор өз сөзінде. 

Ол сондай-ақ бұл үйлерде адамдар тұрып, апат болса, қандай қасірет болатынын ойлаудың өзі қиын екенін жеткізіп, мәселені шешу жолын ұсынды. 

Үкімет инженерлік персоналды сертификаттау және жобалау кезеңінен бастап, құрылыс аяқталғанға дейін құрылыс компанияларын аккредиттеу арқылы құрылысты бақылау жүйесін жетілдіруі керек, - деді ол.   

Айта кетейік, үкімет сағаты «Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы