«Екі тоқаш ұрлағаны үшін отырғызып қояды». Заңгер байып кеткен «Назарбаевтың қасындағылар» туралы айтты

17 Тамыз 2022, 13:08
10145
Бөлісу:
«Екі тоқаш ұрлағаны үшін отырғызып қояды». Заңгер байып кеткен «Назарбаевтың қасындағылар» туралы айтты

Бұл туралы «Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заңсыз келісімшарттар болғанын барлығы біледі. 162 отбасы жатып алып, жекешелендіру арқылы байып кетті. Forbes-та жүр. Оның барлығы жемқорлықпен байланысты екені айдан анық. Назарбаевтың қасында жүрген отбасының барлығы байып кетті. Қоғамның барлығы айтып жүр. Youtube-ті қараңыз. Конституцияға сай келмейтін мәселелерді құқық қорғау органдары қадағалау керек. Заңсыз алдың ба? Қайтарып бер. Қылмыстық іс қозғалды ма? Түрмеге отырасың, - деді ол. 

Бәшімов барлық азамат Конституция бойынша тең екенін айтты. 

Неге қарапайым азаматты екі тоқаш ұрлағаны үшін отырғызып қояды. Аналар қазір өз бетімен жүр. Онымен қоғам да келісе алмайды, - деді ол. 

Бәшімов осыған дейін шенеуніктердің төбесінде Елбасының портреті тұратынын айтты. Ол Конституцияға сай келмейтінін айтады.

Өзгелердің жаңалығы