Екі рет жүрегі тоқтаған ШҚО тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

13 Сәуір 2020, 13:45
1382
Бөлісу:
Екі рет жүрегі тоқтаған ШҚО тұрғыны коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін коронавирус инфекциясынан 11-адам қайтыс болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан айтты.

Бүгін коронавирустық инфекциядан Шығыс Қазақстан облысында алғашқы адам көз жұмды. Бұл қайғылы жағдай Өскемен қаласында тіркелді. 1979 жылғы әйел адам 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда  провизорлық стационарға жеткізілді. Онда алгоритмге сәйкес CОVID-19 талдаулары алынған. Нәтижесінде инфекция анықталған, - дейді Ілияс Мұхамеджан.
Оның айтуынша, нәтиже алынғаннан кейін науқас инфекциялық стационарға, қарқынды терапия палатасына ауыстырылған.
Пациентте СОVID-19-дан басқа 2 жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, уытты миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдром, ауыр алкогольдік улану анықталды. Науқастың өмірін сақтау үшін барлық дәрігер-реаниматологтар өздерінің құрал-жабдықтарымен, керекті аппараттарымен көмек көрсетті. Азаматша өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған болатын. Түні бойы екі мәрте жүрегі тоқтаған. Реанимациялық іс-шаралардың нәтижесі оң болды. Өкінішке орай үшінші мәрте жүрегі тоқтаған кезде реанимациялық әрекеттер нәтиже бермеді. Жүрек қызметін қайтадан қалпына келтіру үшін әріптестеріміз барлық күш-жігерін салды. Бірақ өкінішке қарай ол өмірден өтті. Науқастың туған-туыстары мен жақындарына қайғы көңіл айтамыз, - дейді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, жүрек қызметі қайтадан тоқтаған кезде, реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, биологиялық өлім анықталған.
Қаза тапқан әйелмен байланыста болған 13 адам анықталып, оқшауландырылды. Сараптамалар алынды. Қазіргі таңда кеңейтілген эпидемиологиялық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Тұрғылықты жері мен ошақтар толықтай заласыздандырылды, - деді Ілияс Мұхамеджан.



Өзгелердің жаңалығы