Екі өңірдегі террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды

7 Ақпан 2022, 09:23
1293
Бөлісу:
Екі өңірдегі террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қаңтардан бастап Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Антитеррорлық орталығының ресми сайтында жарияланды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Алматы қаласындағы, Жамбыл және Алматы облыстарындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб басшыларының қабылдаған шешімдері бойынша, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жояды. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне өтеді. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының барлық тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамыз, – делінген орталықтың хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы